ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ЖАНАЙҚАЙЫ

14:00, 16 қыркүйек 2020

 «Ойы онға,санасы санға» бөлінген кәсіпкерлер шығынға белшемізден баттық дейді. Өскеменде мектеп асханаларын жалға алып отырған азаматтардың бүгінгі жайы осы. Бірнеше айдан бері жұмысы тоқтап қалған бизнес өкілдері қол астындағы жұмысшылардың еңбек ақысын өтеу үшін мүліктерін сатудан басқа амалы қалмағандарын айтады. Кәсіпкерлер мұң-шағымдарын жеткізіп, уәкілетті органдарға да бірнеше рет хабарласыпты.

Яна Радякина облыс орталығындағы мектептердің бірінде асхананы жалға алып отырған кәсіпкерлердің бірі. Елде қалыптасқан жағдайға байланысты 8 айдан астам уақыт кәсібі тұралап қалған кәсіпкер шығынға ұшырап, қол астындағы 12 қызметкердің еңбекақысын өтей алмай келеді. Осының салдарынан асханада қызмет етіп жүргендердің басым бөлігі жұмыстан өз еркімен кетіп қалған. Қазіргі таңда аспазшы мен технолог маманды ғана ұстап қалғанын айтады ашынған кәсіпкер.

Яна Радякина қаржылық тығырықтан шығудың жолын іздеп қолда бар жеке мүлкін сата бастаған. Ал қызметкерлерін ақысыз еңбек демалысына жіберуге мәжбүр болған. Қызмет тоқтады, алдын-ала қамданып алынған азық-түлік қоры да сақтау мерзімі өткен соң пайдаға жарамсыз болып, қоқысқа кеткен. Карантин шаралары жеңілдеп мектеп асханалары іске қосылса кәсіпкер қызмет көрсетуге дайын еместігін де алға тартады.  Күн санап дүкен сөрелеріндегі азық-түлік бағасы да шарықтап келеді. Мектеп қабырғасындағы оқушының бір реттік асы 375 теңге көлемінде белгіленген. Ал тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін кәсіпкер асханасында 168 бала тамақтанады.  Кәсіпкерлердің түйіткілді мәселесінің түйінін уәкілетті органдармен бірлесе шешуге болады, мұндай жәйт өзге өңірлерде де болды, шешімі табылды. Біздің аймақта осы тәжірибені пайдаланса, тығырықтан шығарымыз да анық дейді ШҚО шағын және орта бизнес қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Галина Казанцева. Мәселенің шешімін уәкілетті органдар бірлескен жиында шешпек болды. Қос тараптың жауабы тыңдалды. Ұсыныстар да ортаға салынды. Облыстық білім басқармасы да аталған мәселе бойынша пікірін білдірді.  Кәсіпкерлер карантиндік шаралардың одан әрі ушықпай, жеңілдей түсерінен үмітті. Әйтпеген жағдайда «баяғы жартас,сол жартас» күйінде қалып, екі оттың ортасында қалған бизнес өкілдерінің еңбегі еш кетеді.

Тақырып бойынша материалдар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
17:56, 18 қыркүйек 2020
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар