ШҰҒЫЛ! РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ХИРУРГИЯ Толығырақ

АРМАНҒА БІР ҚАДАМ

15:16, 12 маусым 2018

Шығыс Қазақстанның жас кәсіпкерлері қайтарымсыз бір миллион теңге ұтып ала алады. «Zhas Project» жастар жобасына қатысу арқылы қол жеткізуге болады. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Әлемдік банк қолдауымен жүзеге асып отыр.

Мына жерде болашақ кәсіпкерлер білімдерін жетілдіруде. Олар  нұсқаушының бизнесті нөлден қалай бастау керектігі туралы дәрісін мұқият тыңдап отыр. Өйткені, болашақ кәсіпкерлер үшін әр сөз,  әр термин маңызды. Ал олардың арасынан ең үздік деп танылған  бизнес-жоба авторы өз арманына бір қадам болсын жақындап, бір миллион теңгеге ие болады.

СЕРІК ЖҮНІСОВ, ШҚО ЖОБАСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

«Егер де  жастардың ойында жүрген қандай да бір жүзеге асыруға боларлық жоба болса, онда олар үш не  бес адамнан тұратын жобалық топ құрады.  Содан кейін «жастпроджект» сайтына әлеуметтік жоспарлары туралы өтінім  береді. Біз үздік жобаға бір миллион теңге береміз. Сонымен қатар әрқайсысы әлеуметтік шәкіртақы алады. Мектеп және колледж түлектері 40 мың теңге, ал жоғарғы оқу орнының түлектері 60 теңге шәкіртақы алады».

Аяжан Әділбек облыстағы басылымдардың бірінде дизайнер-беттеуші болып жұмыс істеп, колледжде дәріс оқыған. Кейіннен өз ісімен шұғылдануға көшті. Алайда кәсібін ашу үшін Аяжанның қолында қомақты қаржысы болмағандықтан, иетернеттен түрлі жобалар арқылы берілетін гранттар іздей бастады. Ізденісі зая кетпеді, жастарға арналған әлеуметтік жобаны тапты.

АЯЖАН ӘДІЛБЕК, «ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

«Қазіргі кезде жастардың идеялары көп бірақ олардың идеяларын  жүзеге асыруға қаржысы жоқ. Ал бұл жобаның мүмкіндігі жоғары. Бір миллион теңге көлеміндегі грантты ұтып алуға болады».

Болашақ кәсіпкер бұл жобаға асқан жауапкершілікпен келген. Нарықты зерттей келе, облыста ақсап тұрған саланы таңдап алған.

АЯЖАН ӘДІЛБЕК, «ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

«Менің жобам дизайнерлерді оқытуға бағытталған. Мәселен, білімі бар, бірақ тәжірибесі жоқ беттеушілер мен  веб дизайнерді  дайындау. Осы саланы зерттеп, мынадай қорытынды шығардым.  Біздің облыста веб дизайнмен ғана айналысады, бірақ, үйрету, оқыту жоқ. Әлеуметтік желі арқылы оқу қымбат, ал біз тегін жүзеге асырамыз».

Жоба тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін. Ешқандай  шектеу жоқ. Айталық, жылыжай, спорт клубы, шаштараз, оқыту курстары немесе тағы басқалары. Бастысы жоба тұрғындарға қызмет етсе болғаны.  

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

17 МАУСЫМ - МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
15:25, 15 маусым 2018
17 МАУСЫМ - МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...