ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

АРҚА ТӨСІНДЕГІ ӘСЕМ ҚАЛА

17:29, 3 шілде 2020

 Ел астанасы тәуелсіз еліміздің айбары мен төрткүл дүние таныған бейбітшілік пен ізгіліктің ордасы. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы қай салада да серпінді дамып келеді. Жыл сайын 6-шілде астана күні, мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді.1994-жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Парламент отырысында Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. Үш жылдан кейін, 1997-жылдың 20-шы қазанында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998-жылы 6-мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді.Тарихшы Әсем Әубәкірова сындарлы шақта оңды шешім қабылдаған көреген басшының әрекеті дұрыс екенін уақыт дәлелдеп отыр дейді. Есіл өзенінің жағалауында бой көтерген  Нұр-Сұлтан қаласы бүгінде өнеркәсіптік әлеуеті, құрылыс индустриясы жоғары, стратегиялық маңызды орталық. Арқа төрінде сәні мен салтанаты жарасқан Елорда жылдан-жылға көркейіп, дамып келеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар