ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

АРХИВ -2025

15:47, 6 желтоқсан 2018

2009-2011 жылдар аралығында елімізде тарихи естеліктердің қоймасын жасап, оны қорғауға бағытталған «Мәдени мұра» бағдарламасы жұмыс істеді. Мемлекет басшысы бұл бағдарламаның табысты іске асқанын айта келе, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын құруды» ұсынды. 22 желтоқсан күні ресми емес тұрғыда Қазақстан Республикасының архив қызметкерлері күні. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві 1940 жылы құрылған. Бүгінгі таңда мемлекеттік мекеменің филиалдарымен есептегенде, қоймасында бір миллионға жуық деректер сақталған. Тарих парақтарын сақтауға 20 жылын сарп еткен Татьяна Шустова Елбасының «Архив – 2025» бағдарламасы өзекті болатынын айтады. «Архив – 2025» бағдарламасы аясында тарихшы, деректанушы және мәдениеттанушылар Орынбор, Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы мен Томбы мемлекеттік архивтерімен жұмыс істейтін болады. Бағдарлама тек «академиялық туризмді» көздемей, маңызды деректерді цифрлық форматқа көшірумен де айналысады. Шығыс Қазақстан мемлекеттік архивінде сақталған ең көне құжат 1760 жылмен көрсетілген. Бүгінгі таңда бұл том-том деректерді цифрландыру, қайта қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Шығыс Қазақстан мемлекеттік мұрағатында бүгінгі таңда 6 мыңнан астам құжаттар цифрландырылған. Цифрландыру жұмыстарын мемлекеттік архивте құрылған арнайы бөлім жүзеге асырады.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар