ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Ардагерлерге тағзым

13:30, 14 мамыр 2019

Жеңіс Күні – батырлар мен олардың ерліктеріне арналған ұлы тағзым мерекесі. Қанша ұрпақ ауысса да ел есінен ер есімі өшпейді. Алтай ауданында Жеңістің 74 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.Алтай қаласының тұрғындары майдан ерлерінің, тыл ардагерлерінің портреттерін мақтанышпен, салтанатты түрде алып шықты. Сап түзеп, жылдар өшіре алмаған батырларының есімдерін қайта жаңғыртты. Әскери сапта мектеп оқушылары, еңбек ұжымдары, қарттар жүрді. Көз жасымен келген мерекеде бақыт пен мұң көңілге қатар ұялайды. Бұл күні аудан басшылығы қала тұрғындарына ерекше тарту жасады. Жерлестерінің ерліктеріне тағзым ете отырып, Жеңіс саябағында «Даңқ» аллеясын салтанатты түрде ашты. Жеңіс Күні аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов аудандағы барлық ардагерлермен жеке кездесіп, құттықтады. Алтай ауданының тұрғындары батырлардың ерліктері туралы өз ауыздарынан естіп, олардың өмір сүру жағдайына ерекше мән береді. Бұл өскелең ұрпақтың бабаларға деген алғысы, тағзымы.Бұл күні Алтай ауданы көптеген мерекелік шаралармен жаңғырды. Аллеяның салтанатты ашылуынан соң аудан батырларының есімдері жазылған тақталарға гүл шоқтары қойылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:00, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
20:00, 20 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...