ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕРДІҢ АҚЫЛЫН ТЫҢДАДЫ

17:20, 30 қыркүйек 2020

1-қазан – қарттар күніне орай облыстық Полиция департаменті қызметкерлері ішкі істер органы ардагерлеріне құрмет көрсетті. Ұрпақтар сабақтастығының жалғасы ретінде қариялар жас полицейлерге өсиет-өнегелерін айтып, естеліктерімен бөлісті. Олар – қатардағы қарапайым полицейлердің бірі болып келіп, елеулі еңбектерінің арқасында жауапты қызметтерді атқарып, абырой биігінен көрінген жандар. Қазіргі уақытта құрметті демалыста. Туған-туыс, бала-шаға ортасында жүрсе де, қоғамдық іс-шаралардан шет қалмайды.  «Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шараның жастарға берер пайдасы көп», - дейді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ренат Унарбеков. Аға буын тағылымын тыңдаған  қызметкерлер алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданып, қызмет бабында іске асырады. Қарттар күніне арналған кеште құттықтаулар айтылып, ізгі тілектер жолданды. Шағын концерт қойылды. Іс-шара санитарлық талаптарға сай өтті.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар