ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АРАҚ-ШАРАП САТЫЛМАЙТЫН АУЫЛ

14:11, 23 қыркүйек 2020

«Ауылына қарап азаматын таны» бұл сөз Ұлан ауданындағы Жанұзақ ауылының тұрғындарына қарата айтылған сияқты. Елді мекен облыс жұртшылығына өзінің мақтарлық істерімен танылғаны қашан. Ынтымағы жарасқан тұрғындар көпке жақсы үлгі көрсетіп отыр. Қандай үлгі десеңіз, ауыл азаматтары арақ-шарапты, шылымды саудалаудан бас тартқан. Есесіне ел болып еткен еңбектері, жұрт болып жұмылған жұмыстары еселенген. Сейсенбі күні таңертең әдеттегідей ауыл дүкеніне тауар таситын көлік келеді. Сауда орнына әкелетін өнімдер арасында нан, қант-кәмпит, тәтті сусындар молынан, алайда адамды адал жолдан адастыратын арам сусынды көрмейсіз. Жанұзақтағы шағын дүкен иесі Зинаят әжейдің де сөрелерінен алкогольдік ішімдік, темекі кездеспейді. Өтімді тауар болса да сатушы оларды саудалаудан саналы түрде бас тартқан. «Атңнан қалған ас емес» деді дүкен иесі. Ауыл тұрғындары да осы пікірде. Бұған себеп ауыл азаматтарының күшімен бой көтерген имани орын. Жанұзақтың атын жақсы жағынан шығарып жүрген ауыл жастары. Іргесі қаланғанына биыл 50 жыл толған мектептің оқушылары түрлі білім, спорт сайыстарында топ жарып, түлектері түрлі салада қызмет етіп жүр. Ауылдың болашағы жарқын болу үшін бүлдіршіндерді бүгіннен түзу тәрбиелеу керек екенін айтады. Ащы су мен темекіден бас тартқан тұрғындар бүгінде спортқа көбірек бет бұрған. Ауылішілік, ауыларалық спорт жарыстарын ұйымдастырып, шағын елдімекенді шаттыққа бөлеп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар