ШҰҒЫЛ! Төр – мұғалімдікі Толығырақ

Аңызға айналған ұстаз

14:09, 6 желтоқсан 2019

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «КСРО Халық мұғалімі», жаңашыл педагог Құмаш Нұрғалиевтың педагогикалық мұраларына арналған «Заманауи білім беру жүйесі: өткеннен тәжірибе – болашаққа бағдар» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Салтанатты шара студенттер ансамблінің ұлттық аспаптар сүйемелдеуімен орындаған күйлерінен басталып, жиынға келген қонақтардың ыстық ықыласымен жалғасын тапты. Көзкөргендер естелігінен кейін, оқу орны студенттерінің қатысуымен «Аңызға айналған ұстаз» театрландырылған қойылымы сахналанды. Конференция барысында Құмаш Нұрғалиев атындағы педагогика кабинеті ашылды. Кабинет заманауи талғамға сай «SMART» тақталармен жабдықталған. Бұл жерде кез-келген студент ұстаз болмысын ашатын ақпараттармен таныса алады. Ол үшін арнайы өткеннен сыр шертетін естелік бұрышы ұйымдастырылған. Алдағы уақытта бұл кабинетте ұлттық құндылықтарды насихаттайтын кештер мен іс-шаралар өтеді. Ұстаз есімімен аталған кабинет студенттердің сапалы білім мен саналы тәрбие алуына зор ықпал етері анық.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар