ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Аналарға құрмет пен қамқор

17:50, 15 мамыр 2019

 Бүгінгі Халықаралық отбасы күніне орай   Ұлан ауданы орталығы - Қасым Қайсенов кентінде жергілікті әкімшілік қолдауымен аудандық іскер әйелдер қауымдастығы аз қамтылған,  жалғызбасты, көпбалалы аналарды материалдық тұрғыда қолдау ретінде «Аналарға құрмет пен қамқор» қайырымдылық акциясын өткізді. Аудан орталығында  әлеуметтік жағдайы төмен 18 отбасы тіркелген. Бес баланың анасы 2006-жылы Қытай елінен атамекенге оралған Жанейхан Шәушімді баспана мәселесі толғандырады.  Жолдасының көзі көрмей қалуына байланысты еңбекке жарамсыз, жарымжан. Ерекше қамқорлықты қажет ететін азаматпен қоса балалармен бір бөлмелі пәтерде тұру аса қиын дейді.Аудандық іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған   қайырымдылық шарасы бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Көмекке зәру отбасыларға 1 қап ұн, шай, май, түрлі дақыл, жеміс-жидек пен балаларға арналған тәтті-дәмділермен  қоса, киім-кешектер үлестірілді.Бүгінде ауданда әлеуметтік жағдайы төмен 950 отбасы тұрады.  100-ден астамы материалдық қолдауды қажет етеді. Жергілікті  әкімшілік тарапынан аз қамтылған отбасыларға көмек іс-шаралары жыл көлемінде  ұйымдастырылады. Осы уақытта баспанасы жоқ Каменка ауылындағы бір отбасыға үй берілді.  Тағы да 3-4 отбасыны пәтермен қамтамасыз ету жоспарда бар. Сондай-ақ, мемлекет қамқорлығына алынған отбасыларға  деп 40 пәтерлі екі үй салынады деді қайырымдылық акциясына  қатысқан Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Әбдікәрімов.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:00, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
20:00, 20 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...