ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Аналар мәселесі басты назарда

14:11, 19 қыркүйек 2019

Аймақта көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету қарқынды жүзеге асырылып келеді. Биылғы жылдың өзінде көпбалалы жанұялардың балалары мектеп формасымен қамтылып, бала-бақшаға тегін баруға мүмкіндік алды. Сонымен  қатар, кәсіптік және техникалық колледждерде білім алуға жол ашылды. Алдағы төрт жыл ішінде  көпбалалы аналардың басты проблемасы баспана мәселесі де толық шешілмек. Көпбалалы  аналарды баспанамен қамту мәселесі бүгінгі күннің басты мақсатына айналып отыр. Бұған дейін аталған топ өкілдерінің тұрғын үй проблемасын толықтай шешу мақсатында арнайы комиссия да құрылған болатын. Мамыр айында құрылған комиссия құрамында уәкілетті орган қызметкерлері мен қатар көпбалалы аналардың өздері де бар. Көп бала тәрибиелеп отырған 26 мыңнан аса отбасының әлеуметтік мәселелерін шешу үшін аймақта арнайы бағдарлама қабылданған болатын. Үш деңгейді қамтыған бағдарлама көмекке зәру жанұялады ауылдық және қалалық деп екі топқа бөлген. Бүгінгі таңда облыс бойынша осы санатты баспанамен қамту үшін «Парыз» қайырымдылық  қорынан, сонымен қатар, бюджеттік емес қаржы көздерінен қаражат тартылған.  Ағымдағы жылы 511 көпбалалы және аз қамтылағн отбасылар тұрғын үймен қамтамсыз етілетін болады. Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі Өскемен және Семей қаласында қарқынды жүзеге асырылып келеді. Семейде бүгінгі күні 67 отбасы баспаналы болса, Өскеменде жыл соңына қарай 90-ға жуық көпбалалы отбасының тұрғын үй мәселесі шешімін табады. Ал «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде төрт бөлмелі, жалпы ауданы 100 шаршы метр, құны – 13,5 млн теңге болатын, бір қабатты типтік жоба іске асырылады. Ипотекалық несие 20 жылға, 2 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Көпбалалы ата-аналарды толғандыратын тағы бір проблема оқу құралдарымен балаларының қамтылуы. Аймақта аталған проблеманы шешу үшін бюджет есебінен 500,7 миллион теңге қаражат бөлініп, 33 583 бала тегін мектеп формасымен толықтай қамтылды. Ал өнімнің сапасы төңірегінде тұрғындар арасында тым нашар деген алыпқашпа әңгіме де орын алған еді. Аталған жайт бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесі арыз-шағымдардың негізссіз екенін анықтады. Көңіл қуантарлық тағы бір жайт облыста 4 мыңға жуық бала балабақшаға тегін барады. Бұл мақсатқа бюджеттен 200,2 млн.теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде 693 бала ерекше күтімді қажет ететіндер.  Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар мәселесі де аймақта оңды жолға қойылған.  18 995 отбасы, яғни 91 252 адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Сонымен қатар еңбекке жарамды 14 285 азамат жұмыспен қамтылды. Аталған бағыттар бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары әлі де жалғаса бермек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар