ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

Ана мен баланы қорғау

13:53, 4 қараша 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызметтің сапасын көтеріп,  қолжетімділігін қамтамасыз етуге басты назар аударды. Президент медицина жүйесіндегі жалпыхалықтық денсаулық көрсеткіштері ішінде кейбір аймақтарда  ана мен бала өлімі жоғары екенін  атап өтті. Ел ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары және дамыған елдердің қалыпты деңгейінен айтарлықтай асады. Облыс орталығында осы бағытта қандай жұмыстар  жүргізіліп жатқаны туралы келесі сюжетте. Ең жаңа жабдық, сонымен қатар дәрігерлердің жоғары кәсібилігі, бұл формула  - медициналық қызметтің сапасын көтеруге серпін береді. Шығыс Қазақстан облыстық ана мен бала орталығында жүктілікті өткізу, босану мен жаңа туылған нәрестелерді емізуге барлық жағдай жасалған. Дәрігерлер жаңа технологияларды белсенді түрде қолданады. Мәселен, диагностика жасау үшін заманауи компьютерлік томограф қолданылады.  Ол бір айналымда 128 тілім жасайды. Медициналық кадрларды даярлауға және ауруханаларды заманауи жабдықтауға негізделген мемлекеттік бағдарламалар аймақтық дәрігерлер білімдерін халықаралық дәрежеге сай жетілдіруге мүмкіндік береді. Ал халықтың білікті маманға қаралуы – медицина саласындағы басты талап.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар