ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

“ALTAY KIDS CUP» ТУРНИРІ

15:33, 6 қараша 2018

Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Altay Kids Cup» турнирі аяқталды. Турнирде Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан келген 19 құрама команда бақ сынады. Үш кезеңдік жарысқа жалпы саны жиырма мың бала қатысты. Солардың үш жүзі ғана соңғы кезеңге өтті. Ұлдар мен қыздар 60 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру және доп лақтырудан жарысқа түсті. «Altay Kids Cup» жеңімпаздарын анықтаған турнирді ұйымдастырушылар «Altay Athletics» кәсіби жеңілатлетика клубы. Өткен жылдан бастап клуб балалар мен жасөспірімдердің арасында жеңіл атлетиканы кеңінен насихаттап, дамытып, жетілдіру жұмыстарына жіті мән беріп, айрықша көңіл бөле бастады. Жалпы білім беретін мектептерде жеңіл атлетика бойынша дене шынықтыру сабағының аясында ұйымдастырылған жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар жарысқа қатысуға жолдама алды. Екінші кезеңде аудандық және қалалық жарыстарға 5000 атлет қатысты. Қорытынды бойынша финал ойынына 300 бала өтті. Жас спортшылар өздеріне ұнаған жеңіл атлетика түрін таңдап, тыңғылықты жаттығу жасайды. Жеңіс тұғырынан көрінген жас атлетшілер медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар