ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

"АЛТАЙ" СТАДИОНЫ ҚАЙТА АШЫЛДЫ

14:33, 29 қыркүйек 2020

Өскемендегі тарихи спорт нысандарының бірі – «Алтай» стадионы қайта ашылды. Көктемде басталған күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Нысанның әкімшілік ғимараты, кәріз құбырлары, жылыту жүйесі, терезелер, шатыр ауыстырылып, стадионның қасбеті жөнделді. Мұндағы тартысты ойындарды спортшылар да, спорт сүйер қауым да асыға күткен еді. Ашылу салтанатына орай аяқ доп шеберлері арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылды.  «Алтай» стадионы – өскемендіктердің қысы-жазы асыға келетін сүйікті орны. Жөнделгеннен кейінгі келбеті едәуір өзгерген. Жаңарған нысанда спортшылардың жан-жақты дайындалуына барлық мүмкіндік қарастырылған. Тарихи стадионның жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қолға алынды. Жоба құны - 198 млн. теңге.  «Алтайда» тартысты ойындар мен спортшылардың дайындығы басталып кетті. Қыс кезінде де өскемендіктер мұнда коньки тебу үшін еш алаңсыз келе алады. Стадион басшылығы футбол алаңының мұз айдынына кедергі болмайтынын жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар