ШҰҒЫЛ! «Жүрек жылуы» жобасы Толығырақ

Алғыс күніне базарлық

15:06, 28 ақпан 2020

2016 жылғы 14 қаңтарда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады. Бұл - Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен барлық азаматтардың бір-біріне құрмет көрсетіп, ізет білдіретін айтулы дата. Міне, осындай ізгі тілектер тиегі ағытылған мейрамға орай жаңа жыр кітабы оқырманға жол тартқан.

«Этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек» деген болатын Елбасы. 1 наурыз – қайырым мен мейірімділіктің, достық пен махаббаттың жарқын мерекесі. Бұл жер иесі – қазақтың өзінің туған еліне, жеріне ризашылығын білдіретін қуанышты сәті. Мұрат Тастағанов кезінде облыстық «Дидар», «Ертіс өңірі» газеттері мен «Алтай» телеарнасында еселі еңбек етті. Журналист-ақын атағымен әйгілі ардагердің көкейге қонымды  авторлық материалдары оқырман-көрермен көңіліне жылы ұялағаны ұмытыла қойған жоқ. Сондай ыстық ықылас пен ілтипат бесігінде тербелген қарымды қаламгер жақында жаңа кітабымен таныстырды.  Ақын  қазақ халқының кең пейілі, адалдығы арқасында ондаған ұлт өкілдерінің береке-бірлік жалауы астында ғұмыр кешіп жатқанын жырлайды. Тіршілік соқпағымен жан-жақта қадасын қағып, отауын тіккен замандастарының кіндік қаны тамған ауылына ат ізін салса, яғни, «Кел, досым, құт мекенге, бір барып қайтайық» деп, сағыныш сезімін тарқатуға шақырады. «Марқакөлім, мөп-мөлдірім, мерейім» кітабына алғысөз жазған ақын Хасен Зәкәрия: «Мұрат жеңіл-желпі қисын қуған атаққұмар жан емес, ол – нағыз ақын, лириканың тұнығын қанып ішкен» дейді. Мұрат Мырқанұлының бірқатар өлеңіне әдемі әндер жазылған. Бүгінде Семей қаласында тұратын ақынның көктемнің алғашқы күні алғашқы мерекесіне арнаған туындысы, міне, осындай.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа қаулыға қол қойылды
14:49, 23 наурыз 2020
Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа қаулыға қ...
Толығырақ...
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның онлайн отырысы
22:58, 23 наурыз 2020
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның онлайн отыр...
Толығырақ...