ШҰҒЫЛ! СІБІР ЖАРАСЫНАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

АЛҒАШҚЫ АЛТЫН

14:47, 12 қыркүйек 2018

Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнында алғашқы алтын алынды. Естеріңізге сала кетсек, 25-ші маусымда салтанатты түрде зауыттың ашылуы өтті. Металлургия саласында жаңа өндіріс орынының маңызы зор.

Бұл күн Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорының қызметкерлері мен жармалықтар үшін ерекше. Құрамында өндірістік концентрат сақталған алғашқы алтын тоннасы  алынды. Ол бірігіп жасаған ерен еңбектің  жемісі.

2000-ға жуық тонна алтын концентратының алғашқы топтамасы Қытай еліне жіберілді. Таяуда теміржол арқылы Амурск тау-кен комбинатына шикізат жеткізу жұмыстары басталады. Өндірістік істі жүзеге асыруда көзге түсіп, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып жүрген қызметкерлер марапатталды. Ескерткіш сыйлықтар, жоғары дәріжедегі кәсіби шеберлік үшін алғыс хаттар табысталды.

Мамандардың айтуынша, алғашқы он жылда жұмыс карьер арқылы жүреді, ал келесі онжылдықта жерасты қазба жұмыстары шахтада жүзеге асады. Өндіріс орнында мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Олардың

40% -ы зауытқа жақын маңдағы ауыл тұрғындары.

 

 АРАЙЛЫМ НЫҒМЕТОЛЛАҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар