ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Алаңдауға негіз жоқ

18:37, 12 ақпан 2020

Коронавирустың өршуіне байланысты қала тұрғындары сауда орындарындағы медициналық бетперделерді жаппай сатып алуда. «Сақтансаң сақтайды» деген ұстанымды ұстанған тұрғындар, Қазақстанда індет тіркелмегенімен, бетперде - ең өтімді тауар ретінде сұранысқа ие. Шынымен де, қалада бұл заттың тапшылығы бар ма?

Өскеменде үш жүзге жуық дәріхана бар. Оның 80 бірыңғай анықтама қызметімен бірлесе жұмыс істейді. Олар бізге бетперделер қазір ешбір жерде жоқ деген жауап берді.  Қаладағы 12 қойма бос тұр. Ал өзге дәріханаларда медициналық тауар жоқ деп кесіп айтуға болмайды.  Тұрғындар дәріхана есіктеріндегі «маска жоқ» деген жазбаны жиі көретіндіктерін айтады.

Осы мәселеге қатысты мән-жайды анықтау мақсатныда  қалаға медициналық тауар жеткізу қызметімен айналысатын өкілмен тілдестік.

 Бетперделердің  жеткізілетін уақыты беймәлім. Облыстық фармацевтикалық бақылау департаментіне бірнеше мәрте хабарласқанымызбен мамандарымен тілдесу мүмкін болмады.

Мамандар бетперде бағасының көтерілмейтіндігін айтады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде облыс орталығындағы кейбір дәріханаларда  медициналық тауардың бар екені анықталды. Ал енді бірі жақын күндері тауар қоймаға келіп түсетіндігін айтады.

Жақында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі отандық кәсіпкерлер қордағы медициналық тауарды Қытай Халық Республикасына сатқандығы туралы мәлімет берді. Осыған байланысты бетперде жетіспеушілігі орын алды. Бүгінгі таңда бетпердені шетелге экспорттауға тыйым салынды. Ал аймақтың ақпараттық сайттарының бірінде Шығыс Қазақстанға 2 миллионға жуық тауар жеткізілу жоспарлануда делінген. Алайда уақыты нақты көрсетілмеген.

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...