ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Ақылы демалыс

14:37, 11 шілде 2019

Бұқтырма су қоймасы жағалауында демалушылардан заңсыз ақша жиналуда. Қоғамдық жағажайға барар жолға демалыс базасы иелері дуал мен өткізу пунктін заңсыз орнатқан. «Көгілдір шығанақ» тұрғындары мен қонақтары наразылықтарын Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовке жеткізді.Істің бұлайша көрініс табуы елдің шамына тиіп, атқарушы билік органдарынан әділдік сұрауға итермеледі. Анықталғандай, жүгінуші Валентина Акентьеваның арызы рас болып шықты. Заңды түрде «Қоғамдық» деген статусы бар жағажайға өту үшін демалушылар 300-ден 500 теңгеге дейін жарна төлеуі тиіс болған. Демалыс базасына арнайы барған жұмыс тобының мүшелері бұған нақ көз жеткізді.Жергілікті тұрғындардың «Көгілдір шығанақ» демалыс үйіне наразылығы мұнымен бітпейді. Мәселенің бірі – канализация. Адамдардың айтуынша пансионат иелері қалдықтарды шығанаққа төгіп келген. Валентина Акентьеваның арызы расталған соң облыс әкімі Даниал Ахметов атқарушы билік органдарына бір ай ішінде қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар өңір басшысы Даниал Ахметов бақылаушы органдарға мемлекеттік міндеттерді шешуде тыңғылықты болуға кеңес берді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар