ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

АҚЫЛДЫ БАҒДАРШАМ

17:02, 8 қараша 2018

Облыс орталығының полицейлеріне заң бұзған азаматтарды қолға түсіру қиындық туғызбайды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жаңа көмекшілері бар. Олар биометрлік қызмет арқылы іздеудегі азаматтардың бет-бейнесін анықтайтын «ақылды бағдаршамдар». Өскеменде заң талаптарын бұзған және қарызы бар азаматтарды ақылды бағдаршам көмегі арқылы анықтай бастады. Оптикалық құрылғы үйреншікті міндетін ғана атқарып қоймай онлайн режимде адамдарды бет-бейнесі арқылы анықтай алады. Бағдаршамның бейнебақылау жүйесі ІІМ дерекқорына қосылған. Ақылды бағдаршамдар полиция қызметкерлерінің айтуынша сот орындаушылардан қашып, алимент төлемей жүргендерді де анықтауға көмектеседі. Егер де ақылды бағдаршамдар жұмысы оң нәтиже берсе, ол бағдаршамдар қаланың өзге де көшелеріне орнатылатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар