ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

Айыппұл қорасы

13:50, 5 қараша 2019

Шығыс Қазақстанда иесіз жайылып жүрген малдарға арналған айыппұл қоралары бар. Бұл жерге көбіне қамалатын Бородулиха, Көкпекті, Аягөз және Ұлан ауданының қараусыз жануарлары. Айта кетейік, бейсауат бақташысыз жайылып жүрген мал жолдағы жол көлік апатының болуына да көптеп себепкер болуда. Сонымен айыппұл алаңындағы мал иелеріне салынар айыппұл қандай, келесі бейнематериалда. Семей мен Өскеменнің ортасындағы күре жолда кейде төрт аяқты малдан аяқ алып жүргісіз. Иесіз әрі, жүгенсіз кеткен малын қарайлап, қамығып жүрген бақташы көрмейсің. Жасырын емес, саны күрт өскен жол көлік апаттарының бірден бір бөлігі осы малдың салдарынан. Әсіресе, қараңғы түнде қарайып, жүргізуші біткеннің жүрегін ұшыратын да солар. Бейберекет қараусыз жайылған малын жақтап, қисынсыз сылтау айтатын қожайындар да жоқ емес. Қожайыны ие бола алмаған малға мамандар басқа шара қолданады.  Жүгенсіз кеткен жануарға аймақта «айыппұл» қоралары ашылған. Мұнда қамалған малдың иесі табылып жатса, қараусыз жайылған төрт аяқтысы үшін айыппұл төлеп, ол аздай малын баққан айыппұл қорасының шығынын қоса өтеп, тек содан кейін ғана шығарып әкетеді. Малына ие бола алмаған  тұрғынға салынатын айыппұл көлемі бір мен жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар