ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АЙНАЛМА ЖОЛДЫҢ ӘЛЕГІ

18:10, 10 қыркүйек 2020

Жүргізушілердің жүйкесін жұқартқан айналма жол.  Бәйтерек айналма жолына кіре берісте Қазақстан және Пермитин көшелерінен 1.13 жол белгісі салынған. Жауапты сала мамандарының сөзінше, бұл тұрғындардың игілігі үшін жасалған. Өңірде жыл өткен сайын көлік саны артуда. Сәйкесінше, жолдар да кеңейтілуде. Алайда,  автокөлік жүргізушілері не үшін наразылық танытты?

Иә, алып бара жатқандай жаңашылдық енгізілмеген. Алайда, мына айналма жол көлік жүргізушілерін әбден әбігерге салған. Әлі де әуре – сарсаңға түсіп, қай жолақтан қай жолаққа өту керектігін білмей сабылып жүрген жүргізушілер көп. Ал, егер жол таңбасында белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайда салынатын айыппұл көлемі де аз емес. Дәлірек айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы бойынша 3 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бір жыл ішінде ережені қайталап бұзған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК құрайды. Тұрғындарды алаңдатқан да осы. Бұдан бөлек олардың айтуынша, өзгертілген жолақтар дұрыс белгіленбеген. Ал, жауапты сала мамандарының өз айтары бар. Өскемен қаласының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығының сөзінше, түймедейді түйедей етудің қажеті жоқ.  Жоғарыда аталған мәселе жуырда шешімін таппақ. Орын алған олқылықтар бірер күнде қалпына келтіріледі, - деп сендірді сала мамандары.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар