ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

АЙНАЛАЙЫН "АҚ БҰЛАҚ"

13:37, 25 қыркүйек 2020

Айналайын, ақ бұлақ. Ауылдарда республикалық «Ақ бұлақ» бағдарламасының игілігін көріп жатқан ағайынның қатары артып келеді. Елді мекендердегі инфрақұрылымдық жағдайға көп көңіл бөлініп, ескерілу қажеттігі баршаға мәлім. Осы орайда Ұлан ауданында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Көп жылдар бойы таза, сапалы ауыз суға жарымаған ауылдарға су жүйесі орнатылуда. Құрылыс жұмыстары қарқынды дейді әкімдік өкілдері.  Герасимовка ауылының тұрғындары  үшін «таза ауыз су беріледі» деген жаңалық үлкен қуаныш болды. Жобаның сметалық құжаттамасы әзірленіп, қажетті қаражат бөлініп, құрылыс компаниясы жұмысқа кірісіп кеткен. Өткен жылдың маусым айында басталған жұмыс биыл желтоқсан айына дейін аяқталмақ. Жобаға бөлінген ақша 640 млн. теңгеден астам. Ұзындығы 50 мың метрге жуық су құбырлары ауылды жылына 75,862 мың текше метр сумен қамтымақ. Жұмыс Тарғын ауылында да қызу жүруде. Республикалық бюджеттен бөлінген 303 млн-нан артық қаражатқа құбырлар орнатылып, су резервуары салынуда. Ауыл әкімінің айтуынша, Тарғын ауылдық округіне қарасты бес елді мекенді алдағы жылдары ауыз сумен қамту жоспарда тұр. Ұлан ауданының ауылдарында бұқаралық спортқа да көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта бірнеше елді мекенге спорт алаңдарының құрылысы жүргізілді. Донское ауылында  су жаңа футбол алаңында ауыл балалары алаңсыз доп теуіп жүр. Жастардың спортқа бейімделуі салауатты өмірдің кепілі. Тұрғындар қызығушылық таныту үшін әр ауылда осындай спорт алаңдары, демалыс орындары қажет. Сондай-ақ, Төлеген Тоқтаров атындағы мектеп-балабақшасының жаз маусымында жылыту жүйесі толығымен жаңартылып, пайдалуға берілген.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар