ШҰҒЫЛ! Қауіпті ойыншықтар Толығырақ

Аймақішілік рейтинг

14:36, 17 шілде 2019

Өткен жылы Бородулиха, Шемонаиха және Бесқарағай аудандарының экономикалық сектор көрсеткіштері артта қалып еді. Аймақішілік рейтингте бұл аудандар соңғы орындарға тұрақтаған болатын. Биылғы даму қарқыны қандай? Ол туралы «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінде айтылды. Толығырақ тілші материалында. Облыстық әкімдікте «Nur Otan» партиясы филиалы саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Экономикалық көрсеткіші өзгелерден баяу дамыған үш ауданның мәселесі қаралды. Былтыр аймақішілік рейтингте Шемонаиха – 14, Бесқарағай – 15, ал Бородулиха – 12 орында тұрды. Биылғы 5 айдың көрсеткіші бойынша алғашқы екеуі алтыншы мен оныншы орындарға тұрақтап, жақсы нәтиже көрсетсе, Бородулиха ауданы тағы үш орынға кейін шегерілді.  Жиынға орынбасары емес, өзі келген жалғыз әкім Дәулет Батырбаевты  баяндамасын аяқтай сала, кеңес мүшелері сұрақтың астына алды. Тілге тиек етілген негізгі мәселе мынау: ауруханадағы кадр тапшылығы қашан оң шешімін табады?Өзгелерден төмен нәтиже көрсеткен Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Булат Арғымбаев баяндамасын қысқа қайырып, мардымды ештеңе демеді. Жиын соңында кеңес мүшелері аудан әкімдеріне келесі отырысқа дейін ауылшаруашылығы тауар өндірісі мен жер телімдерін тиімді пайдалануға бағытталған жобалар әзірлеуді ұсынды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар