ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

АБЛАКЕТКА ПРОБЛЕМАСЫ

15:53, 13 маусым 2018

Өскемендегі Аблакетка кентіндегі 6 үйдің 100-ге жуық тұрғыны жылуға зәру. Мұндағылардың 70 проценті зейнеткерлер. Баспаналары көпқабатты болғанымен, орталық жылу жүйелеріне қосылмаған. Қыста есік алдынан көмір тасып, әрқайсысы пеш жағады. Талай есікті қағып, базыналарын айтқан тұрғындармен облыс әкімі Даниал Ахметов кездесіп, мәселені бір жақты шешетінін айтты.

Салынғанына жарты ғасырдан асқан мынадай екі қабатты тұрғын үйлердің саны қалада санаулы болғанымен, кейбіреуі орталық жылу жүйелеріне қосылған. Ал  Челюскин көшесіндегі 6 бірдей көпқабатты үйдің тұрғындарының осындай қолайлы жағдайға қол жеткізе алмай келе жатқандарына 8 жылдай болды.  Бұл материалды осыдан 3-4 ай бұрын эфирден берген едік. Бума-бума қағаз арқалап, талай есікті қаққан осы үй тұрғыны Нина Щука қала одан кейін облыс әкімдеріне хат жазған.

НИНА ЩУКА, ЧЕЛЮСКИН КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Қаржыға келгенде, біздің қолымыз байлаулы. Алда күз, қыс келе жатыр. Мәселені бір жақты ету керек. Содан бір байламға келіп, облыс әкіміне хат жаздық».

Жазған хат жауапсыз қалмады. Облыс әкімі Даниал Ахметов Челюскин көшесінінің тұрғындарымен кездесіп, көп ұзамай жұмыс басталатынын айтты.

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Бұл мәселені шешудің екі жолы бар.  Облыстық бюджеттен «Жылу жүйелері»  мекемесінің жарғылық капиталына сәйкес, 20 миллион теңгені аудару керек, осыдан соң маған орындалған тапсырма туралы  ақпарат беріңіздер. Қаражат түскеннен кейін жауапты жақ жұмысын бастайды. Барлық жұмыстар бірінші қыркүйекте аяқталады. Мен бған сенімдімін және өзім келіп көремін». 

Ал қалалық ТҮКШ  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі берген мәлімет бойынша бұл үйлерді орталықтандырылған жылу жүйелеріне қосу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылған.

НҰРЖАН ЖАПБАРОВ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Біз 200 метрлік жылу жүйелері магистралін тартамыз және де осы үйлерді жылуға қосамыз».

Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыстың орындалуын өз бақылауына алып, екінші қыркүйекте қайта келетінін айтты. Сонымен қатар бұл күні Аблакеткадағы №13 мектеп директоры Бақытбек Есенбердин аймақ басшысына қордаланған біраз мәселенің бар екендігін жеткізді.

БАҚЫТБЕК ЕСЕНБЕРДИН, №13 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

«2010 жылдан бері бізге қаржы бөлінбейді. Мектептің қосымша ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Жазда су ағады. Мектеп ауласын қоршау керек».

Мектепті аралаған облыс әкімі Даниал Ахметов заман талабына сай жабдықталған бірнеше кабинетті көрді.

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Қазір мен тексердім робототехника кабинеттері дайын екен. Тамаша. Физика класы да дұрыс болып жатыр. Бізде арнайы бағдарлама бар «Менің мектебім» соған біз 277 мектепке барлық құрал-жабдықтарды алдық, 476 жаңа кабинет. Жөндеу мәселесіне  50 миллион теңге негізгі құжат болса, онда қаржы бөлінеді».

Әкім өз кезегінде оқушылардың білім деңгейін көтеріп, ұстаздар біліктілігін арттыру қажеттігін айтып жеткізді.

САЛТАНАТ КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар