ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Аблакетка ауданында балалар және футбол алаңы салынады

14:45, 9 шілде 2019

Аблакетка ауданы Геологияческая көшесіндегі №26 үй тұрғындары облыс әкімі Даниал Ахметовтен құрылысты бір жақты етіп, үй аумағына тиісті жерге абаттандыру жұмыстарын жүргізіп беру үшін көмек сұраған болатын. Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмады. Облыс әкімі аудан жұртшылығымен кездесті. Геологическая көшесіндегі № 26 үй тұрғындары 30 жылдан бері өздері аулаларына жөндеу жүргізіп, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп  келеді. 1989 жылы салынған тұрғын үйдің екінші бөлігі тұруға жарамсыз. Қаржының жетіспеуінен құрылысы аяқталмай қалған. Қазіргі кезде ол бөлік Өскемендегі компаниялардың бірінің қолына өткен. Компания өкілі Эльмира Молдашеваның айтуынша фирма тарапынан әкімшілік пен әртүрлі банктерге құрылысты  қаржыландыруға қатысты бірнеше рет өтініштер жазған. Тұрғындар балалары үшін алаңдаулы. Аулада балалар алаңы талапқа сай болмағандықтан,  олар осы құрылысы бітпей тұрған нысанды ермек етеді. Ал бар алаңдар көңіл көншітетін жағдайда емес. Тұрғындармен кездесу барысында облыс әкімі Даниал Ахметов ауданды абаттандыру мәселесін талқылады. Қала әкімі Жақсылық Омарға осы мәселені бір жақты етуді тапсырды.  Бұл жерде бірнеше үй алуласына тиесілі балалар және футбол  алаңын салу қажет. Сонымен қатар №26 үйдің бірінші қабатындағы аула клубын жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу керек. Ал тұрғын үйдің екінші бөлігі коммуналдық мекеме меншігінде болмағандықтан құрылыс жұмыстарының аяқтауы тікелей нысан иесіне байланысты. Ал облыс әкімі нысан иелігіндегі кәсіпорын басшылығымен құрылысты аяқтауға қатысты  қажетті келіссөздер жүргізуді тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар