ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

14:34, 6 тамыз 2020

Облыс орталығында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда. Мәселен, қала көшелері жөнделіп, аялдамалар жаңа кейіпке енуде. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бірқатар нысандарда құрылыс жұмыстары да жүргізілді. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен шаһар басшысы Жақсылық Омар танысып қайтты. Мердігерлермен жүздескен әкім сын-ескертпелерін де айтты.
Облыс орталығы Өскемен қаласы күн сайын түрленіп келеді. Түрленді демекші, қала көшелерінде кезекті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға арналған жаңа демалыс аймақтары да жасақталуда. Жасыл желекті сақтап қалу жағы да құрылыс жұмыстарын жүргізуде басты назарға алынған.  Сондай-ақ Ярославский көшесіндегі жұмыстар толық аяқталды. Жөнделіп жатқан жол учаскесінің көлік жүретін бөлігі екі жолақтан үш жолаққа дейін кеңейтіліп, реверсивті қозғалыс ұйымдастырылды. Дегенмен, жол құрылысын жүргізу барысында олқылыққа жол берген мердігерлер де бар.

Сонымен қатар биыл жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 7 мектепке дейінгі білім береу мекемесі жөндеуден өтті, олардың бірі – психикалық дамуы тежелген балаларға арналған №61 балабақша. Білім беру мекемесінің ғимаратында шатыр ауыстырылды, жылыту радиаторлары жартылай жаңартылды, медициналық кабинет пен ойын және дамыту бөлмелері жөнделді. Жалпы қала бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде113 жоба қолға алынып, 7576 адам жұмыс орнымен қамтылған.
Қазіргі таңда Назарбаев даңғылы мен Мостовой көшесінің қиылысындағы сквердің құрылыс жұмыстары қарқынды. Демалыс орнында орындықтар, шағын сәулет мүсіндері мен балаларға арналған ойын алаңы орнатылаған. Осы сынды ссквер ағымдағы жылы "Металлург" саябағының маңында орналасқан "Телеарна студиясы" аялдамасының артында пайда болады. Бүгінде ол жерде воркаут-алаңдарының орыны дайындалып, Виноградов көшесіне шығатын тұстан бастап Стахановский көшесінің қиылысына дейінгі аралықтағы тротуардың асфальт төсемі толық жаңартылып, сәндік жарықтандыру тіректері орнатылмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
17:56, 18 қыркүйек 2020
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар