ШҰҒЫЛ! Төр – мұғалімдікі Толығырақ

«Абайлаңыз, балалар!» жедел алдын алу шарасы

14:04, 9 желтоқсан 2019

Өскеменде «Абайлаңыз, балалар!» жедел алдын алу шарасы өтуде. Тәртіп сақшылары жас жолаушыларға жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы айтып, түсіндіру жұмыстарын өткізді. Әсіресе, қыс мезгілінде жол-көлік оқиғалары жиілейтіндіктен, шараның берер маңызы зор. Акция 12 желтоқсанға дейін жалғасады. Полицейлер көшеде көлік ағыны аса қатты болған уақыттарда оқу орындары маңында кезекшілік етеді. Мұндағы мақсат – жол ережелерін бұзу фактілерін болдырмау. Статистикаға сенетін болсақ, балалармен болған жол-көлік оқиғаларының көбі оқу жылында орын алады. Оқушылар әдетте жолдағы қарапайым ережелерді сақтамай, байқамай қалады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар