ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

Абай суретшілер көзімен

09:25, 27 қаңтар 2020

Шығыс Қазақстан өнер музейінде ақын, ойшыл, демократ, адамзаттың алыбы Хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ғасырларды тоғыстырған Даналық» атты Қазақстанның танымал қылқалам шеберлері мен өлке суретшілерінің Абай тақырыбынан сыр шертетін туындыларының көрмесі өтті. Шараның мақсаты - Абай Құнанбайұлының өшпес мұрасын насихаттау. Музей қонақтары мен көрмеге келуші азаматтарға ақынның өмірі мен шығармашылығын бейнелеу өнері арқылы дәріптеу.  Қылқалам шеберлердің қастерлі өнерінің танылуына ықпал жасау. Ұсынылған жұмыстар тақырыптық, стильдік және жанрлық әр алуандығымен ерекшеленеді. Көрмеде ҚР Суретшілер одағының мүшесі Абдрашит Сыдыханов  «Абай Жолы. Абай анасының киіз үйі», Талғат Татиевтің «Таумүсін», Ғалым Қаржасовтың «Жұмбақ адамы», Юрий Бакулиннің «Абайдың портреті», НұрбұланӨтепбаевтың «Абайдың портреті» және өлкеміздің танымал суретшілері Николай Аштеманың «Абай. Отан туралы арман», Мәди  Қайырханның  «Бала Абай», сынды бірқатар шығармалары көпшілік назарына ұсынылды. Ержан Тұрғанбаев «Абай. Шыңғыстау жайлауы» картинасын салу үшін, арнайы Жидебайға барған. Сонымен қатар "Жұлдыз" балалар көркемсурет мектебінің оқушылары  музей ұйымдастырған челленджге қатысып, өз үлестерін қосты. Көрмені тамашалауға келгендерді суретшілердің шеберлігі қуантты. Көрме наурыз айының басына дейін жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...