ШҰҒЫЛ! Халық алдындағы есептік кездесу Толығырақ

Абай пәлсапасы

13:55, 7 ақпан 2020

Абайдың мұрасы тек өлең-жырлары мен қара сөздері ғана емес, діни философияның да қайнар көзі. Әр шығармасында адамгершілік пен иманға ден қойып, адамзатты сүйіспеншілікке үйретеді. Осы ретте Өскемен қаласында «Абайдың рухани-діни фәлсафасы» конференциясы өтті. Мақсаты - ақын шығармашылығындағы діни тәрбие. Жиналғандардың қатарында жас студенттер мен дін қызметкерлері және облыстық дін басқармасының өкілдері бар. Шараның құрметті қонақтарының бірі профессор Мұхаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мұхаммад  хакімнің тәліміне терең тоқталып, шығармашылығындағы дін мәселесі бүгінде үлкен маңызға ие екендігін жеткізді. Жиын барысында Абай шығармаларының рухани мән-мағынасы ғана емес, бүгінгі таңдағы жастар арасындағы насихаты сөз болды. «Қазіргі қоғам, әсіресе жастар тарапы Отанды сүюдің негізін тарихи тұлғаларды тану арқылы алады» дейді құрметті қонақ. Абай пәлсапасы бүкіл адамзатқа ортақ мұра. Сондықтан, ой көкжиегін дамтыуда әуелі Абайға жүгінген ләзім дейді профессор.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар