ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

АБАЙ БОЛ!

14:37, 7 тамыз 2019

Газ балондары өмірге қауіп төндіреді. Облыста соңғы үш жылда балонның жарылып кетуіне қатысты екі жағдай орын алды. Мұндай оқыс оқиға, әсіресе, жеке тұрғын үй секторында жиі кездеседі. Жылдам отынды тұтынушылар қауіпсіздік ережелерін қадағаламайды. Салдары қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.Жалпы, мамандар айтуынша, газ балонын сатып аларда, сертификатын да қоса сұрау керек. Өйткені, әр балонның жарамдылық мерзімі бар. Оны арнайы орындарға барып, сараптама жасатқаннан кейін біле аласыз. Тұтыну уақыты аяқталған күннен бастап, сол балонды пайдаланудан бас тартқан жөн.Өткен жылы балонды пайдалану ережелері сақталмағандықтан, Ұлан ауданындағы бір үйде төтенше жағдай орын алды. Жалын жер үйді жайпап тастады. Мұндай жағдай 2017 жылы да болды. Бақытқа орай, зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ. Төтенше жағдай қызметкерлерінің «қарапайым ережелерді қадағаласа екен» деуден басқа амалы жоқ. 

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар