Абай ауданының экономикасы қарқынды даму үстінде

21:15, 20 сәуір 2017

Абай ауданында ауыл шаруашылығына айрықша көңіл бөлінген.

Өнім шығаратын 512 шаруа қожалығы, 3185 жеке меншік қосалқы шаруа қожалықтары жұмыс істейді.  Аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков өңірде болып жатқан соңғы жаңалықтарын және бірқатар жетістіктерін баспасөз мәслихатында айтты.
Абай - мал шаруашылығын кәсіп еткен аудан болғандықтан,  «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» сияқты мемлекеттік бағдарламалар аясында мүмкіндігінше жұмыс істеп келеді. Ауданда асыл тұқымды мал өсіретін шаруа қожалықтарының саны 28-ге жеткен. Қой тұқымын асылдандыру жұмысымен 8 шаруашылық  айналысады. Техникаларды жаңарту мақсатында 2016 жылы 8 «МТ3-82» тракторлары 45 млн. 500 мың теңгеге, ал жалпы бағдарлама іске кіріскелі бері 28 қосалқы шөп шабатын техника 175 млн. 500 мың теңгеге сатып алынды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
14:45, 18 қазан 2017
Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
Толығырақ...