ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

19-ШАҒЫН АУДАНДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ

13:47, 8 қаңтар 2021

Облыс орталығының 19 шағын ауданында жаңа мәдени-танымдық кешен, теннис орталығы және кинотеатр салу жоспарда тұр. Бұл туралы облыс басшылығы жергілікті тұрғындармен өткен кездесуде мәлімдеді. Жалпы ықшам ауданның өзі бекер таңдалып алынған жоқ. Қаланың дәл осы бөлігі өскемендіктердің мәдени демалыс орнын өткізетін жер ретінде көзделген.\\\12 жыл ішінде шағын ауданда 63 көпқабатты тұрғын үйлер, мектептер, балабақашалар мен ауруханалар, т.б. әлеуметтік нысандар бой көтерген. Дегенмен, осы уақытқа дейін жергілікті инфрақұрылым жаңа ауданның келбетіне сай емес еді. Тұрғын ауданда күнделікті тұрмыс пен уақыт өткізуге, ыңғайлы өмір сүруге жағдай жасалмаған еді. 19-шағын ауданда қандай жұмыстар атқарылды және қандай өзгерістер күтіп тұр келесі материалда. Осыдан тура бір жыл бұрын аймақ басшысы Даниал Ахметов 149 шағын ауданды абаттандырудың кешенді жоспарын құруды тапсырған болатын. Межелі уақыт өтіп, бірінші кезең бойынша орындалған жұмыстарды қорытындылау уақыты келді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өзгерістер көзге бірден көрінеді. Кең даңғыл жолдар, әртүрлі архитектура мен демалыс орындары жасақталған бульварлар тұрғындар үшін қолайлы жағдай. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін 1 млрд.теңгеден астам қаржы тартылмақ. Шағын ауданда  10 аула абаттандырылған.  Әр аулада балалардың ойын және спорт алаңқайлары, шағын футбол алаңдары пайда болды.  Сонымен қатар 500 жарық шамдары орантылды.  Кешенді жоспардың тағы бір тармағы Есенберлин даңғылы мен Увалиев көшесін жалғайтын бір шақырымдық жаяу жүргіншілер аллеясы. Инфрақұрылымды дамытумен қатар көгалдандыру мәселесіне де  көңіл бөлінген. Ауданда 11 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Жұмыстың келесі кезеңі ағымдағы жылы жүзеге асырылмақ. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша 19 шағын ауданда бірнеше мұражай, кинотеатр, заманауи оқу және спорт орталықтары орналасатын мәдени кешен салу жоспарлануда. Айта кетейік, Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша Есенберлин даңғылының бойында орналасатын үш сквердің эскиздік жобалары әзірленді. Бұдан басқа, физика-математика мектебінің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама да дайындалуда. Сондай - ақ, 19 шағын ауданда  үздік медициналық мекемелердің біріне айналатын гематология орталығы салынады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
17:15, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Толығырақ...