ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН

13:25, 18 ақпан 2019

Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толды. Тарихта «жарияланбаған соғыс» атауымен белгілі қасіретті жылдарда талай қазақ жастары қыршынынан қиылды. Мүгедектік қамытын кигені қаншама? Көкпекті жұрты ауған соғысында қаза тапқандарды үнсіздікпен еске алып, ортамызда жүрген жауынгерлерге құрмет көрсетті. Кеңес үкіметі келмеске кеткенімен, ауған жеріндегі қанды қырғынды көзбен көріп, бел ортасында болған жауынгерлерді ұлықтау – жыл сайынғы дәстүр. Алыстағы Ауғанстанды тек картадан ғана көрсе де интернационалдық борышын өтеу үшін талай жас азамат Отанынан аттанды. Солардың ішінде Қайырхан Молдаев та қару асынып, қатарластарымен бірге соғысты. Ардагер ол кезде небәрі 18-де еді. Иә, оқ пен оттың ортасында жігіттік өмірін өткізген сол жандардың жанарында әлі мұң бар. Жолдастары ұрыс алаңында, көздерінше қаза болды. Мертігіп, мүгедек атанды. Мұндай сұмдық ол кісілердің жадынан кетпейді. Көкпектілік 5 азамат сол сұм соғыстан оралмады. Қазір ауданда 30-ға жуық интернационалист-жауынгерлер бар. Барлығы мерекелік медальмен марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
15:25, 20 наурыз 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
Толығырақ...