ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

1475 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

09:15, 12 қыркүйек 2018

"Жасыл ел" жобасы жастарды жұмыспен қамтып қана қоймай, қоршаған ортаны сақтауда, экологиялық сауаттылықты қалыптастыруда, сонымен бірге елдің "жасыл" қорын толтыруда маңызды рөл атқарады. Бүгін облыс орталығында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының он төртінші еңбек мауысымының жабылу салтанаты өтті. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде еңбек маусымын қорытындылаған «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Биыл облыс аумағында 3 қала мен 9 ауданда 16-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, мектеп оқушылары мен студенттер еңбекпен қамтылды. Барлығы 1475 адам. «Дөңгелек үстелге» өңірдегі еңбек жасақтарының үздік жастары, жұмыс орындарын ұсынған мердігер ұйым өкілдері мен құрылыс жасақтарының ардагерлері шақырылды.  «Жасыл ел» жобасы аясында жаз бойы еңбек етіп, ақша тапқан студент Ғалымжан Әділжанов өз әсерімен бөлісті.

Ұйымдастырушылардың пайымынша, басқосу – бұл еңбек мауысымының қортындысын шағару қана емес,  «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының даму жоспарын пысықтау.

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары жазғы маусымда түрлі бағыттар бойынша жұмысқа тартылды. Бірі құрылыс алаңдарында еңбек етіп, құрылысшы мамандығының қыр-сырын үйренсе, енді бірі туған қаласын, ауылын абаттандыруға үлес қосты.   «Дөңгелек үстел» соңында студенттік құрылыс жасақтарының ардагерлері сөз алып, естеліктерімен бөлісті.

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының он төртінші еңбек мауысымының жабылу салтанатында көшеттер отырғызылды.  

Ал басқа қалалардан келген делегаттар Ұлан ауданының Украинка  ауылындағы жылыжайға  саяхат жасады.

 

ОКСАНА ЧЕРТКОВА

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар