ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

11 ЖЫЛЫ АЯЛДАМА ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

13:31, 9 қаңтар 2019

Өскемендіктердің жайлылығы үшін салынып жатқан жылы аялдамалардың қатары артады. Жаңадан тұрғызылатын автобус күту пункттері бұған дейінгі аялдамаларға қарағанда үлкендеу болмақ. Облыс орталығындағы басқа де өзгерістер туралы келесі бейнематериалда. Жылы аялдамалардың бірі Халифа Алтай атындағы облыстық мешіттің алдында тұрғызылып жатыр. Қаңтардың соңына дейін тағы екі аялдама пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Мамандардың айтуынша іші кең, жылы болатын бекетті тұрғылықты мекен жайы жоқ азаматтардан қорғау мақсатында есіктері түнгі уақытта автоматты түрде жабылады. Жаңа аялдамаларда жылынып қана қоймай, ұялы телефонды қуаттауға да болады. Айта кету керек, аялдамалардың қай жерде салынатынынын жұрт өзі таңдады. Әлеуметтік желідегі парақшаларымызда тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Мешіт маңайындағы аялдама ең көп дауыс жинады. Сонымен бірге, 44 мектеп, Ахмердегі аялдамалар алмастырылады. Барлығы 11 жылы аялдама орнатылмақ. Көктемге дейін тұрғызылып, пайдалануға беріледі деп ойлаймыз.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар