ШҰҒЫЛ! ҚР ЧЕМПИОНАТЫ Толығырақ

100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ

14:21, 16 сәуір 2018

«Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман». Елбасының бұл сөзі ел жастарына артылған сенім мен жауапкершілікті айқындайды. Дамыған елдермен терезең тең болу үшін өскелең ұрпақ сауатты болғаны маңызды. «Рухани жаңғыру» аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы әзірленді. Кітаптың тұсаукесері Өскеменнің жоғарғы оқу орындарының бірінде өтті.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы – келешек ұрпақ игілігі үшін қолға алынған мазмұны жағынан маңызды шаралардың бірі. Бәсекеге қабілетті ұрпақ жаһанда болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуы шарт. «100 жаңа оқулық» жобасы жастардың түрлі саладағы шығармаларды оқып, білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған. Жобаны жүзеге асыруға шығысқазақстандық ғалымдар да зор үлес қосты.

 

Альбина Жанбосынова, тарих ғылымдарының докторы:

«Біз «Шығыс Қазақстанның өркениетті феномені» бағдарламасы аясында бірнеше конференциялар өткізіп, ғылыми еңбектер шығардық. Солардың ең маңыздысы – Шығыс Қазақстанның тарихына арналған оқулық. Облыстың 85 жылдығына орайластырылып, жарыққа шығарылған еңбекте ел шығысы туралы мол ақпарат жиналған»

Кітаптар оқырман қауымға ұғынықты, түсінікті тілде жазылған. Әрқайсысы қолжетімді. Тіпті, электронды нұсқалары да бар. Мұның барлығы білекті бірді, білімді мыңды жығатын қазақ жастарының игілігі үшін.

 

Меруерт Расулова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар