ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

100 ЖАҢА ЕСІМ

15:11, 10 қазан 2018

Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани құндылықтарды түгендеп, өшкенімізді қайта жаңғыртатын бірқатар бағыттарды атап берді. Ал «100 жаңа есім» жобасы біздің жанымызда жүрген еңбегі еленген, өзгелерге үлгі болатын азаматтардың өмір жолын насихаттау, көпшілікке паш етуге арналды. Өткен жылы бастау алған жоба биыл да жалғасын тапқан. Бұл жайлы Елбасы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деген жаңа жолдауында да «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс» деп айрықша атап өтті. Осыған орай «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша облыста іріктеу шаралары жүріп жатыр. Тақырыпты тілшілер сюжеті сабақтайды.

Виталий Бақтыбаев – Өскемен қаласы тұрғыны. Өрт сөндіру қызметінде 19 жыл еңбек еткен ол биыл зейнетке шықты. Өз ісіне адал азамат екінші рет іріктеліп жатқан «100 жаңа есім» жобасына қатысушылардың бірі. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамның ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

«100 жаңа есім» жобасына жасы 18 толған кез-келген азамат қатыса алады. Биылғы талапта біраз өзгешелік бар. Өткен жылы тізімнен шығып қалған, не өтпеген азаматтар қайта байқауға қатысуына болады. Бұл жоба елдің дамуына үлес қосқан, өзінің елеулі ісімен өзгелерден ерекшеленген азаматтарды іздейді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет» деп Елбасының кейінгі жарияланған жолдауында атап өтілуі тегін емес. Осы жылғы байқауға қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер өз тарапынан үміткерлерін ұсына алады.

САЛТАНАТ КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар