ШҰҒЫЛ! ҒАЖАЙЫП ТАРИХИ КЕШЕН Толығырақ

100 ЖАҢА ЕСІМ

17:05, 20 сәуір 2018

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген «Жаңа 100 есім» жобасы жалғасын табуда. Республика көлемінде аталып өткен жобаға Шығыс Қазақстаннан 303 үміткер қатысса, олардың ішінде 11 тұлға «жаңа 100 есімнің» қатарына енді. Бүгінде бұл жоба өңір-өңірде жалғасын табуда. Осыған орай Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханасында «Өскеменнің 100 есімі» жобасына лайықты деп танылған Балшекер Сахариевамен кездесу өтті.

Балшекер Тоқашқызы Өскемен қаласының «Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде ұстаздық етеді. Алматыдағы Чайковский атындағы музыка колледжін бітіре салысымен өз ауылында қызметін бастаған 31 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз күйші Абдулхамит Райымбергеновтың «Мұрагер» бағдарламасы арқылы өскелең ұрпақты оқытып, аталған бағдарламаны бірегей қалыптастыра білді.

 

БАЛШЕКЕР САХАРИЕВА, ҰСТАЗ:

 «Мұрагер» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келеміз. Алдымыздағы белестер көп, соның бірі 200-ге жуық домбырашыларымыз бар, «Ерке» қобызшылар ансамблі бар, ән-вокалистер бар, тамаша өнерлерін бүгінгі 100 есім жобасына кіргенімен, осы Оралхан Бөкей кітапханасында кіші есебімізді беріп отырмыз».

«Мұрагер» бағдарламасы халықтық педагогикаға негізделген. Бірінші жетінші сынып аралығындағы оқушыларды тек ән мен күйге емес, аңыз әңгімелермен танысып, оларды бейнелеу өнері сабағында суреттеу, қазақтың көне ою-өрнектерімен таныстырудан бастайды. Бесінші сыныпта балаларды ақындық өнеріне баулиды. Тек алтыншы және жетінші сыныптарда оқушылар қазақтың, түркі халықтарының, еуропа музыкаларын терең меңгереді.

 

АЛТЫНАЙ ҚОЖАХМЕТОВА, ОҚУШЫ:

«Мен қобызбен екі жыл айналысып келемін. Әсіресе қобызда ойнайтын күйлерім ол «тәжік биі» мен «Гәкку». Мен тағы да ән мен өлең айтамын және театральныйға барғым келеді.Балшекер апаймен 4-ші сыныпта қобыз өнерін бастадым. Сонымен қазір айналысып келемін».

Еліміздің тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап қолға алынған «Мұрагер» бағдарламасы өңірімізде 15 жылдай уақыт жұмыс істеп келеді. Келер ұрпақтың кемелді білімі болашақ бағдарында да жалғасын таба бермек.

 

АЙДОС МЫРЗАХМЕТОВ

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар