100 жаңа есім

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының іске асырылуына ерекше көңіл бөледі.

21:29, 20 сәуір 2017   249

Бұл жобаның басты мақсаты – талантты және жұмыс істейтін салаларында үлкен жетістіктерге жеткен қазақстандықтардың тағдырлары мен өмірбаяндарымен барша халықты таныстыру.  Бұл орайда Өскеменде ақиық ақын, туған жерге деген  махаббатын жырлап өткен лирик Тұрғазы Нұқайұлын еске алу кеші болып өтті.

 «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы қоғамның назарын қазіргі заманның ірі тұлғаларына назар аударуға және бұл адамдардың өмірі әр қазақстандық үшін өз арманына жету жолындағы бағдарына айналуына мүмкіндік береді. 2004 жылы өмірден озған белгілі ақын, қаламы қарымды журналист-публицист, артында өшпес мұра қалдырған Тұрғазы Нұқайұлын замандастары, туған-туыстары және оқырмандары сағына еске алды. Жырларын оқыды. Аяулы қаламгердің адамгершілік қасиеттерін бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ете әңгімеледі. Олардың айтуынша, «100 жаңа есім» жобасы Тұрғазы Нұқайұлының есімі мәңгі өмір сүретіндігіне кепіл бола алады.  

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24