ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ ҮНЕМДЕЛДІ

15:25, 18 қараша 2020

Мемлекет қаражаты қайда жұмсалса, сол саладан нақты нәтижелер күтілетіні белгілі. ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, «Бірыңғай сатып алу терезесі» жобасын  жүзеге асыруда. Мұндағы басты мәселе бюджет қаражатының игерілуінде ғана емес, жұмсалған қаражаттың тиімділігі, нақты көрсеткіштерге қол жеткізуінде болып отыр. Жыл басынан бері 1 млрд 116 млн теңге, бір ғана қазан айында 137 млн теңгеден астам қаражат үнемделді. Жұмыс ұйымдардың мемлекеттік сатып алулар жүйесі топтастырылған  платформа арқылы іске асады. Жоспарланған сомадан асып кету немесе орташа бағадан ауытқу болған жағдайда департамент өкілдері арнайы ұсыныс енгізеді. Тиісті ұсыныс күшіне енгеннен кейін мемлекеттік, квазимемлекеттік мекемелер сатып алудың орташа бағасына өзгеріс енгізуге міндетті. Айта кету керек, ақпан айынан бері аталмыш жүйені қолдану бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалу деректерінің жолын кескен. Алдағы уақытта да департамент мемлекет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді. Мұндай жобалар сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың бір көрінісі саналатын бағаның негізсіз өсуіне де жол бермейді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...