ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БРИФИНГІ

17:34, 20 қараша 2020

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы" тақырыбында ШҚО әкімі Даниал Ахметов баспасөз конференциясын өткізді. Брифинг барысында аймақтың әлеуметтік экономикалық даму барысы мен өңірде коронавирус індетімен күрес барсыныда жүзеге асырылып жатқан шаралар сөзболды. Облыс басшысы алдымен өңірді дамытуда бірінші жартыжылдықта атқарылған шаралар легіне тоқталды.  Аймақта экспорттық әлеуетті арттыруға басымдылық берілген. Осы мақсатта өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында біршама ауқымды іс-шаралар қолға алынған. Сондай-ақ, Даниал Ахметов брифинг барысында  Мемлекет басшысы алға қойған барлық міндеттерді орындауға шығысқазақстанның толық мүмкіндігі бар екенін де атап өтті. Облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мақсатында да бірқатар шаралар қолға алынған. Жұмыссыздықпен күреске де ден қойылған. Мәселен, 24 000-нан астам жаңа жұмыс орындары да ашылған. Әрине облыстағы басты мәселенің бірі коронавирус пандемиясымен күрес шаралары. Қазіргі таңда барлық күш аталған індетпен күреске жұмсалған.  Алғашқы дертке шалдыққан науқас тіркелген күннен бастап облыстың барлық медицина мекемелерін қажетті құрал жабдықпен, дәрі-дәрмек қорымен қамту жұмыстары қолға алынды.  Сонымен қатар жедел-жәрдем қызметі де жаңа деммен тыныстады. 216 су жаңа көліктер алынды. 88 жедел жәрдем көлігі бүгінгі таңда тұрғындарға қызмет көрсетуде. 10 желтоқсанға дейін қалған 128 көлік жеткізілетін болады. Жалпы айтқанда Жедел жәрдем көліктерінің саны 2 есеге артты. Облыста бүгінгі таңда 13  ПТР зертханасы жұмыс істеп тұр. Жергілікті бюджет есебінен қосымша дәл осындай тағы 7 зертхана ашу көзделген. Қуаттылығы тәулігіне 7000 сынама алуға қауқарлы. Бүгінгі таңда 7 зертхананың 4-уі өз жұмысын бастап кетті. Ал 25 қарашадан бастап қалған 3 зертхана іске қосылады. Аталған бастама жүзеге асса қуаттылық 16 мыңға жетеді. Аймақ басшысы сонымен қатар өңірде туризм саласын дамытуда атқарылып жатқан шаралар легіне де тоқталды. Мәселен, 2016-2020 жылдар аралығында Алакөл аймағын дамытуға 11 млрд теңге қаржы тартылған. Ал алдағы 4 жылда қосымша 24 млрд. теңге қаржы тарту көзделген. Даниал Ахметов брифинг барысында Өскеменнің шеткі шағын аудандары тұрғындарын алаңдатқан мәселені де көтерді. Оның айтуынша, Ахмер, Нұрлы көш, 20 және 23-ші, 25-ші аудан халқы қоғамдық көлік мәселесінен қиындық көріп отыр. Су, жол, жарықты айтпағанда автобус жүрмейді. Өңірде дерт дендеп тұр. Осы шеткі шағын аудандардағы автобус мәселесі қашан толық шешілтінін аймақ басшысы тілге тиек етті. Аймақ басшысы қоғамдық көлік мәселесі жеке бақылауында екенін ерекше атап өтті. Аталған мәселені шешу мақсатында 4 млрд.теңге қаржы тарту көзделген. Сатылып алынатын автобустар ЕВРО-4, ЕВРО-5 халықаралық стандарттарға сай келеді. Бұл көліктердің ауаны ластау көрсеткіші де төмен. Аталған проблемалар таяу арада шешімін табатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
17:30, 19 қараша 2020
ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...