ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

15:35, 1 қазан 2020

Түлектерге артық талап артпау керек. Білім беру бойынша жаңа заң жобасын мақұлдаған Мәжіліс депутаттары осылай деді. Құжатта студенттер оқу гранты негізінде қанша жыл оқыса, сонша уақыт қана өтеуі тиіс делінген. Яғни қазіргі талап бойынша бекітілген 3 жыл мерзімді оқу ұзақтығына қарай өзгерту мәселесі көтерілді. Зухра мемлекетке 1 млн теңгеге жуық ақша қарыз. Бұл оның грантта оқығанының өтемі. Осыдан 8 жыл бұрын педагогика және психология мамандығы бойынша оқуға түседі. Бастапқыда ақылы негізде, ал соңғы курста грантқа ауысқан. Бірақ, шартқа сәйкес дипломмен жұмыс істемеген. Ал талап бойынша 3 жыл өтеу керектігін мойныма айыппұл ілінгенде бірақ білдім,-дейді. Содан бері есепшоттары бұғатталған. Зухра сияқты грантта 1 жыл оқып, қарызын еселеп өтеп жүргендер көп. Бұл әділетсіз,-дейді мәжілісмендер. Депутаттар білім беру бойынша жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Олар енді студент бюджет есебінен қанша жыл оқыса, сонша жыл ғана жұмыс істеуі керек,-деп отыр.  Студент алғашқыда грантқа оқуға түседі. Соңғы курста немесе жарты жыл қалған кезде ол ақылы негізге ауысады. Ол ақылы негізде оқу бітіргеннен кейін түлектер жұмысты өтемейді ешқандай. Ал ақылы негізде оқып жүргендер гранттан орын босаған кезде 3-4-ші курс болар олар грантқа ауыстырылады. Олар грант есебінен бітірген соң олар қанша жыл оқығаны қарамайды. Олар 3 жыл жұмысты өтеуі керек. Бюджет қаражатынан оқытып әрі жұмыс өтеуін талап ету әзірге педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтарына қатысты. Бірақ оның аясын кеңейту көзделіп отыр. Сосын түлектерді тек мемлекеттік мекемелер емес, жекеменшік ұйымдарға да қызметке алу мәселесі өзекті. Ал қаржы орталығының мәліметінше былтыр 12 жарым мыңнан аса түлек жұмысқа жіберілсе, соның 1 мың 400-ге жуығы бас тартқан. Өтемегені үшін 1 млрд 120 млн теңгеден аса қаржы бюджетке қайтарылды.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ 2021 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫНДА ӨТЕДІ
14:03, 22 қазан 2020
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ 2021 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫНДА ӨТЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар