ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ҮРЖАРДАҒЫ «ASHYQ AKIMDIK»

17:55, 13 қараша 2020

2020 жылдың 1 тамызынан бастап «Шығыс – адалдық алаңы» жобасының аясында Үржар ауданының Үржар, Мақаншы, Таскескен ауылдарында заманауи сервистік әкімдіктер жұмыс істей бастады. Мұнда келген әрбір тұрғын сәулет, құрылыс, жер қатынастары, әлеуметтік сала және басқа да мәселелері бойынша жүгініп, тиісінше мемлекеттік қызмет пен қажетті кеңестер ала алады. Біздің түсірілім тобы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен тығыз байланыста халыққа қызмет көрсететін Үржар ауылындағы кеңсеге барып, ондағы жұмыс барысымен танысып қайтты.

Аудан орталығындағы «ASHYQ AKIMDIK»  кеңсесі азаматтарға қолайлы жағдай жасау арқылы жаңа форматта жұмыс істейді. Ауылда мұндай кабинет ашылғалы бері 300-дей адам түрлі мәселелерімен жүгінген. Онда: күту залы, кеңес беру алаңы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, ақпараттық стендтер, WI-Fi желісі және балалар бұрышы бар.  Мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдайлар қарастырылған. Бүгінде ауданның кез келген тұрғыны өзінің көкейкесті сауалдарымен бұл кабинетке келе алады.

Үржар ауылындағы «ASHYQ AKIMDIK» қызметі ашықтық, қолжетімділік және аудан тұрғындарына дұрыс бағыт-бағдар көрсету ұстанымдары бойынша қызмет көрсетеді. Мұндай заманауи сервистік әкімдіктер жұмысы бүкіл облыс аумағында бірыңғай негізде көрініс тапқан. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осындай сервистік әкімдіктердің ашылуы жергілікті атқарушы органдар қызметін жүйелендіреді. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық жағдайларының алдын алып, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
17:30, 19 қараша 2020
ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...