ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛМАСУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

14:05, 21 мамыр 2020

15 жыл бойы Қазақстаннан ұрланған көліктердің тек 30 пайызы ғана елге қайтарылған. Себебі ТМД елдері арасындағы келісім дұрыс жұмыс істемеді. Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаева осылай деді. Қатысушы өзге елдер де өзгерістермен толық келісіп отыр. Көлік ұрлап сататандардың саны күн санап артып барады. Баукеспелер әсіресе қымбат машиналарға құмар. Олжасын бірден шекара асырып сатып, қылмыстың ашылуын қиындатып қояды. Қолды болған көліктерді жылдам анықтау үшін 5 мемлекет бірігіп ортақ база құрып жатыр. ТМД-ның өзге елдері де бұл құжатқа қосыламақ. Ол жерде ұрланған, жол көлік оқиғаларына тап болған, сырттан кіргізілген көліктер туралы ақпарат толық қамтылады. Осылайша кез келген көлікті іздеу, ол туралы ақпаратпен алмасу едәуір жеңілдейді. Ұрлаған көлікті бөлшектеп сайман ретінде сататындарға да тосқауыл қойылады. Енді ескі бөлшек сату үшін арнайы құжатың болуы шарт. Яғни ескі авто бөлшектер жиі тексерілетін арнайы дүкендерде ғана сатылады. Статистика бойынша Қазақстаннан ұрланатын көліктердің 80 пайызы Ресей асады екен. Соңғы 27 жылда іздеу жарияланған 5 көліктің біреуі ғана табылған. Сондықтан үкімет тарапы да депутаттар да заң жобасын барынша жетілдіріп, жылдам қабылдау керектігін алға тартты.

Тақырып бойынша материалдар

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
11:35, 28 мамыр 2020
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады
18:20, 22 мамыр 2020
Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар