ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Үкімет басшысының жұмыс сапары

13:32, 18 мамыр 2020

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Семей қаласына және Абай ауданына жұмыс сапары аясында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты.  Сонымен қатар  Абайдың 175 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстарын тексерді. Семей қаласында Үкімет басшысына қаланың 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының орындалуы туралы баяндалды. Атап айтқанда, Асқар Мамин Абай атындағы алаңды, музей мен театрды қалпына келтіру жұмыстарымен, сондай-ақ, «Қарағайлы» шағын ауданы мен көпбейінді мәдени-спорт кешенінің құрылысымен танысты. Үкімет басшысы жауапты тұлғаларға қаланы дамыту бойынша барлық жоспарланған жобаларды уақытылы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Асқар Мамин Абай ауданының әкімшілік орталығы Қарауыл ауылында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның дамуын жіті тексерді. Мұнда Үкімет басшысына 300 орынға арнап салынып жатқан орта мектеп құрылысы, Абай атындағы саябақ, сондай-ақ елдімекеннің су тарту желілерін қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндалды. Премьер-Министр  «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында болып, «Абай-Шәкәрім» мемориалды кешеніндегі қалпына келтіру жұмыстарының  барысымен танысты және Абай үй-мұражайын аралады.   Үкімет басшысы Абайдың 175 жылдығына орай жоспарланған Семейдегі және Абай ауданындағы тарихи-мәдени нысандарды жөндеу және жаңғырту жұмыстарын уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
11:35, 28 мамыр 2020
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады
18:20, 22 мамыр 2020
Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар