ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ШЫҒЫСТЫҢ ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ

14:54, 13 қазан 2020

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алғаш рет «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы жарияланған болатын. Жақында байқау мәресіне жетіп, еліміздің әр түкпіріндегі үздік ауыл әкімдері анықталды. Жарма ауданындағы Шалабай ауылдық округін 2009 жылдан бері басқарып келе жатқан Жанар Есембаева республика бойынша жүлделі 3 орынды иеленіп, «Шығыстағы ең үздік ауыл әкімі» деп танылды. Екі кезеңнен тұрған байқау өңірлік және республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Республика деңгейіне өткен үміткерлер бірнеше бағалау кезеңі негізінде іріктелді. «Еститін үкімет» концепциясы аясында ауыл әкімінің жұмысы тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама арқылы бағаланды. 

Шалабай ауылы облыс орталығынан 105, аудан орталығынан 92 шақырым жерде орналасқан. «Шығыстағы ең үздік  ауыл әкімі» деп танылған  Жанар Есембаеваның мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 11 жылдан астам.  Ауылда мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған игі істер көп. Әлеуметтік-экономикалық бағытта көптеген жобалар іске асқан. Солардың бірі халыққа пайдасы мол «Ақ бұлақ» ауыз су бағдарламасы. Ауыл әкімі мемлекеттік қаржыландыру жетпеген үйлер де болғанын айтады. Алайда мәселе уақытылы шешімін тауып,  демеушілердің арқасында олар да  ел қатарлы үйлеріне су қосқан. Мысалы Шетінбай көшесінің асфальті сонау 60 жылдары төселіпті.  Сол уақыттан бері жөндеу көрмеген. Көшенің күрделі жөнделуі үшін 127 млн тг қаржы қажет дейді әкім. Сонымен қоса ауылды көркейтуге кәсіпкерлік нысандар да  белсене араласатынын атап өткен жөн. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауының арқасында «Жастар» саябағы салынды. Онда сахна орнатылды. Соғыс кезінде қираған азық-түлік, универмаг магазиндері аукционға қойылып сатылған. Ауылдағы кәсіпкерлердің бірі ғимаратты  сатып алып жаңалап, тойхана етіп халық игілігіне берді. Сонымен қоса ауылдағы жастарға арналған жаңа  жаттықтыру залын ашты.  Бұдан бөлек дүкендер жұмыс істейді. Шалабайлықтардың көпшілігі тұрақты жұмыспен қамтылған десе де болады. Тұрғындар ауылшаруашылығы саласында ғана емес, кен байыту орны, станция мен теміржолда қызмет етеді. Сонымен қоса мамандар бұл жердің туристік әлеуеті зор екенін айтады.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ 2021 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫНДА ӨТЕДІ
14:03, 22 қазан 2020
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ 2021 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫНДА ӨТЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар