ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

13:34, 13 қаңтар 2021

10 қаңтарда елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау өткені белгілі. Ал 11 қаңтарда Төменгі палатаға Қазақстан халқы ассамблеясы атынан мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру рәсімі өтті. Осы шараға Шығыс Қазақстаннан арнайы делегация барып қайтқан болатын. Елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында өткен дауыс беру рәсіміне еліміздің барлық өңірлерінен республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымнан құралған ҚХА мүшелерінің делегациялары келді. Жалпы, дауыс беруге Ассамблеяның 351 мүшесі қатысқан. Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш болып дауыс берген болатын. Осы шараға қатысып, дауыс берген шығысқазақстандық делегация жақсы көңіл-күймен оралғандарын жеткізді. Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Бұл ретте Қазақстан халқы ассамблеясының Шығыс Қазақстан облысындағы өкілдігі бірқатар шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ЖАҢА ХАТШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
17:49, 14 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ЖАҢА ХАТШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚАНША ПАРТИЯҒА МАНДАТ БЕРІЛДІ?
17:15, 13 қаңтар 2021
ОБЛЫСТА ҚАНША ПАРТИЯҒА МАНДАТ БЕРІЛДІ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
17:15, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Толығырақ...