ШҰҒЫЛ! «ҚАЗАҚСТАН» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ САЙЛАУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЭФИРГЕ ШЫҒАРУ ШАРТТАРЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ САПАРЫ

13:45, 16 қазан 2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Семейге келді. Мемлекет басшысы әуелі "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты. Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап, "Қарағайлы"шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Президент қатысуымен тұсауы кесілген композиция данышпан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ашылды. Ескерткіште Абай ұлдары Ақылбаймен және Турағұлмен бірге бейнеленген. Мемлекет басшысы жұртшылықты Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойымен құттықтап, хакімді біртұтас ұлт болып ұлықтау – біздің перзенттік парызымыз екенін атап өтті.

Ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін Президент Абайдың «Жидебай-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-мұражайын аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы көлемі 203 гектар болатын Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынымен танысты.Ықшам аудандағы тұрғын-үй қоры 787,7 мың шаршы метр. Физика-математика пәндерін тереңдетіп оқитын 720 оқушыға арналған Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысы аяқталған. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 320 орындық балабақша салынған. Жуырда Қарағайлы ықшам ауданында 1405 пәтерлік 20 тұрғын үй пайдалануға берілген. Президент осы жерде көп балалы аналармен кездесті. Осы жерде облыс әкімі Даниал Ахметов Президентке Қарағайлыда алдағы уақытта қолға алынатын жобаларды таныстырды. Қазақстан Президенті мәдени-спорт кешеніндегі көрмені тамашалағаннан кейін абайтанушы ғалымдармен кездесті. Зиялы қауым өкілдері ойларын ортаға салды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаетың жұмыс сапары барысында «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінде атқарылған жұмыстармен танысты.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ САЙЛАУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЭФИРГЕ ШЫҒАРУ ШАРТТАРЫ
17:30, 27 қараша 2020
«ҚАЗАҚСТАН» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ САЙЛАУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЭФИР...
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ  КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ
17:56, 26 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...