ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР САПАРЫ

14:12, 4 қыркүйек 2020

Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен облысымызға келіп қайтты. Үкімет басшысы өңірдегі  ірі инфрақұрылымдық жобалар мен мемлекеттік даму бағдарламаларының іске асырылу барысын тексерді.Премьер-Министр облысымызға жасаған жұмыс сапары барысында  "Өскемен – Талдықорған" автожолының құрылысымен танысты. Өңір тұрғындары сан жыл бойы сарсыла күтіп жүрген, ұзындығы 800 шақырымға жуық жолды жыл соңына дейін ашу жоспарланып отыр.  Қазіргі уақытта аймақта  "Қалбатау – Майқапшағай" тас жолы да жаңғыртылып жатқаны белгілі. Үкімет басшысы күре жолдардың құрылысын ширатуды тапсырды.  Премьер-Министр жұмыс сапары аясында өңірдегі денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының жұмысымен де танысты. Аягөз қаласындағы орталық аурухана, Өскемендегі "KEMONT" және "Восток-Молоко" зауыттары мен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы мен етін өндіретін "Ost Fish" компаниясында болды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
13:49, 29 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...