ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ПРАЙМЕРИЗ ПІКІРСАЙЫСЫ

14:40, 29 қыркүйек 2020

«Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеу кезеңі жалғасуда. Өскемен бойынша саяси науқанға қатысуға 108 үміткер  өтініш білдірген. Праймеризді өткізудің күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттар арасында жария пікірсайыс басталды. Қатысушылар 18 топқа бөлініп, алғашқылары өзара сынға түсті. Пікірсайыс шарты бойынша әр үміткер алдымен өзіне берілген  5 минут ішінде сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ал екінші кезең сұрақ-жауап форматында өтті.  Саяси науқанға қатысушылардың бірі – қорғасын зауытының директоры Тимур Тоқжігітов. Ол жергілікті тұрғындар көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, проблемаларды шешуге атсалыспақ. Қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, өзара ой алмасты. Пікірсайыс партия филиалының ресми аккаунттары арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
13:49, 29 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар