ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ 19 ШАҒЫН АУДАНДЫ АРАЛАДЫ

18:17, 23 қазан 2020

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі жаңа шағын ауданда қолға алынған жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Қараша айында Самар және Алматы бағыттарындағы трассаларды байланыстыратын автожолдарды реконструкциялау жұмысы аяқталады деп күтілуде. Аталған магистраль қаланың орталық бөлігіндегі көлік жүктемесін азайтып, Понтон көпірі арқылы Өскеменнің Үлбі бөлігі мен 19 шағын ауданын жалғастырмақ. Сондай-ақ келесі жылы Есенберлин даңғылы Жібек жолы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысына дейін созылады. Осылайша, облыс орталығының негізгі көлік логистикасы 2021 жылы аяқталып, толық абаттандырылады. Облыс әкімі 19 ықшам аудандағы жаңа аллеяны аралап, нақты тапсырмалар берді. Аймақ басшысы қаланы аралау барысында "Нұрлы жол" жаңа шағын ауданындағы 16 және 12 қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Даниал Ахметовтың айтуынша, мердігер мекеме жоспарланған 70 мың шаршы метрді мерзімінде пайдалануға бермейді. Оны осы уақыт ішінде атқарылған істің көлемінен бағалап көруге болады. Қала әкімі Жақсылық Омарға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.  Облыс әкімі сондай-ақ, қала тұрғындары бұл үйлерді күтіп отырғандарын, баспаналардың несие арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
17:30, 19 қараша 2020
ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...